Қазақстанда суррогат аналар қанша ақы алады?

Ерте ме, кеш пе, ерлі-зайыптылар балалы болу туралы ойланады. Бірақ, өкінішке қарай, кейбір жағдайда бұл оңай емес. Жұптың денсаулығы жетпеген жағдайда, оларға көмекке медицина келеді. Ол суррогат ана. Суррогат аналар не үшін мұндай әрекетке барады? Бағасы қандай? Қоғамның тарапынан көзқарас қандай? Бұл туралы суррогат аналар Динара Сатжанға берген сұқбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Суррогаттық аналардың айтуынша, мұндай жұмысқа келісетін аналар әдетте қаржы мәселесін шешу, қарызын жабу, өз балаларына жарқын болашақ жасап беру үшін баратын көрінеді. Кейбір әйелдер суррогаттық ана болудың арқасында тіпті миллиондаған қарызынан құтылған. Оған қоса, әйелдер жұмысы үшін ешқандай ұялмайтынын айтты, себебі қиналмай қарыздарын жауып, үй сатып ала алған.

"Менің үш балам бар. Мұндай жолмен ақша табуға болатынын мен құрбым арқылы білдім. Досым маған неге тырыспасқа деген ой тастады, өйткені көп мәселені шешіп, үй сатып алып немесе қарыздан құтылуға болады. Бұл үлкен ақша болмағанымен, аз сома емес", - деді суррогаттық ананың бірі. 

"Мен мұндай мамандықта жұмыс істейтініме еш ұялмаймын, өйткені мен пәтер сатып алдым, қарыздарымды жауып тастадым", - дейді осы жұмыстың арқасында мәселелерін шешкен әйел.

Әйелдер жүкті екені тіркелгеннен кейін, ай сайын жалақы алып отырады, босанғаннан кейін тағы келіскен соманың қалған бөлігін алады. Сонымен қатар, жалақысынан бөлек толық жағдайы жасалған үй, тіпті не ішіп-жейтініне дейін дайын тұрады. 

"Менің 8 миллион қарызым болды. Мен қарыздарымды жабу үшін ғана суррогат ана болуға келдім. Мен басқалардан көмек сұрағаннан гөрі балаларымды өзім бағып, тамақтандырғаным жақсы. Маған барлық жағдайы жасалған 1 бөлмелі пәтер берді, тоңазытқыш толы, өзім ештеңе істемеймін", - дейді аналардың бірі.

Суррогат ана орталығының негізін қалаған Дамира Бекбергенованың сөзінше, суррогат ана болу өте қиын жұмыс. Сондықтан, ол ақысы 5 миллион теңгеден төмен ұсынысты қабылдамайды екен. 

"Мен суррогат ана қызметіне әдейі 5 миллионнан теңгеден аз көлемге келісім жасамаймын. Басқа біреудің баласын 9 ай бойы көтеріп, қиналып босанғаннан гөрі несие алу оңайырақ, өйткені бұл жасанды жүктілік. Жүктілік мерзімі ішінде әр түрлі қиындық болады, баланың өмірін сақтап қалып, оны жалғастыру үшін әйелдер түрлі гормоналды препараттарды ішуге мәжбүр, бұл оңай жұмыс емес"

Дамира Бекбергенова бүгін Қазақстанда суррогат анаға ақы 5 миллионнан басталатын атап өтті. Бір жыл бұрын бұл сома 3 миллион теңге болған, басқа елмен салыстырғанда бұл өте арзан баға. Мысалы, АҚШ-та мұндай қызмет 3 есе қымбат. Қоғам тарапынан үлкен наразылық алғанына қарамастан, орталық жұмысын тоқтатпай, басқа да қызмет пакетін іске қосқан. 

"Бізде қызмет пакеті 10 000 басталады, егер кепілдікпен қаласаңыз 70 000 долларлық қызмет пакеті де бар. Бұл сомаға суррогат ана, ауруханаға төлейтін барлық төлем кіреді. Егер 2 жыл ішінде жүктілік пен бала болмаса, онда қанша рет әрекет болғанына қарамастан, толық соманың 80 пайызы қайтарылады. Ал егер тек суррогат ананы тауып, екіжақты таныстырып, келісімшарт жасап беретін болса, онда 600 000 теңгелік қызмет пакеті бар", - дейді орталық басшысы.

 Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!