- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда сұранысқа ие...
Қазақстанда сұранысқа ие мамандықтар
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы сұранысқа ие мамандықтар тізімімен жүйелі түрде айналысып, жаңартып отырады. Оған мысал ретінде Электрондық еңбек биржасын, Халықты жұмыспен қамту орталықтарын, сонымен бірге Жаңа мамандықтар атласы мен біліктілікті арттыруға арналған бірқатар серіктестік жобаларды айтуға болады.
Осыған дейінгі тенденцияларды ескере отырып кадр қажеттігін болжау мақсатында және «Жас маман» бағдарламасын жүзеге асыру барысында 2025 жылға дейін сұранысқа ие 100 сервистік және индустриялық кәсіптер тізімі жарияланған еді. тізбесі әзірленді. Оның ішінде сұранысқа ие 35 мамандық және техникалық, кәсіптік білімді керек ететін 65 мамандық бар, мұндағы жаңа мамандықтың саны – 10.
Мәселен сұранысқа ие ТОП-10 мамандықтың тізімі мынадай:
1. Компьютерлік аппараттық қамтамасыз ету инженерлері және электроника инженерлері;
2. 3D модельдеу және қосымша шындық инженерлері;
3. Өндірістің аддитивті технологиялары бойынша инженерлері;
4. Машинааралық оқыту жүйесі бойынша инженерлер;
5. Бағдарламалық қамтамасыз ету сәулетшілері және жүйелік талдаушылар;
6. Бағдарламалық қамтамасыз етуді, Web және мультимедиалық қосымшаларды әзірлеушілер мен Тестілеушілер;
7. Деректер қорының әкімшілері және талдаушылары;
8. Желілік, жүйелік әкімшілер және серверлер әкімшілері;
9. Телекоммуникация және телерадио хабарларын тарату жөніндегі инженерлер;
10. Өндірістік инженер-технологтар және олардың көмекшілері.
Аталмыш тізімге назар аударған мамандар IT-технология, диджитал салаларына қатысты кадр тапшылығы алдағы он жылдың тіпті жиырма жылдың проблемасы дейді. Соған байланысты бірнеше реформа мен өзгеріс керек дегенді алға тартады сарапшылар. Қазіргі таңда Білім және ғылым министрлігі жоғарыда аталған салалар мен мамандықтарды ескере отырып, білім беру жүйесінде техникалық мамандықтарға басымдық беріп келеді. Себебі цифрландыру, автоматтандыру, роботтандыру сияқты салалардың дамуы, ғылыми-техникалық прогресті жылдам жүруі бәсекесі бар ортада ғана болады. Сондықтан техникалық білім алатын болашақ мамандардың саны көп болған сайын бәсеке арта түседі. Санға ғана емес, сапалық факторды да дамтыуға бағытталған, бірнеше онжылдықтың мәселесін шешуге арналан жобалар да бар. Мысалы Жаңа мамандықтар атласы.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Сарбасов Ақмадидің айтуынша, Атлас жобасы жаңа мамандықтар, өзгеретін кәсіптер, талап етілмеген мамандықтарды жинақтап, болашақ мамандық таңдап жүргендерге, мамандығын өзгертуге немесе дамытуға талпынып жүргендерге көмектеседі.
«Жаңа мамандықтар атласы еңбек нарығындағы жаңа тенденцияларды түйсінуге, келешекте өзекті болатын немесе алдағы онжылдықта пайда болатын мамандықтар мен дағдыларды анықтауға мүмкіндік беретін кәсіпке бағдар берудің ең жетілдірілген құралдарының бірі», - дейді вице-министр.
Атлас еліміздегі, жалпы нарықтағы экономиканың негізгі 9 секторына арналған: тау-кен металлургия, мұнай-газ саласы, ауыл шаруашылығы, көлік-логистикалық, машина жасау, АКТ, энергетика, туризм, құрылыс. Бұл секторларды жасап, соның ішіндегі 463 мамандықты жетілдіру үшін 55 сарапшының пікірі, 2000-нан аса салалық сарапшының талдаулары қолданылған. Жоба жетекшілері мамандықтар мен қатар атласта кәсіби құзыреттер мен трендтерді де анықтаған. Жетекші тренд ретінде роботтар мен ақылды жүйелерді енгізудің таралуы, цифрландыру аясын және үлкен деректерді кеңейілуі, шикізаттың табиғи ресурстарының сарқылуы, экологиялық стандарттарды күшейту және қайта өңдеуді дамыту, Y және Z буын жұмысшыларына жаңа еңбек талаптарының көрінісі, халықтың тұтынушылық талғамының өзгеруін көрсеткен. Ал базалық құзыреттер ретінде жүйелі ойлау, салааралық коммуникация дағдылары, экологиялық ойлау, үнемді өндіріс, процестер мен жобаларды басқару мүмкіндігі, клиенттерге бағдарлану, бағдарламалау / робототехника / жасанды интеллект, шығармашылығы, көптілділік және көпмәдениеттілік.
Сарапшылардың айтуынша, аталмыш жобадағы негізгі тетіктер келешекте өзгеруі де мүмкін. Себебі технологиялық тендециялар ұдайы өзгеріп отырады. Соған байланысты мамандықтарға да сұраныс реформаланациялады, жаңа мамандықтар пайда болады немесе бұрынғылары қайта жасақталады.
Massaget