Қазақстанда суицид дерегі жиіледі: 15 мың сайт бұғатталды

Қазақстанда суицид дерегі жиіледі: 15 мың сайт бұғатталды
Фото: depositphotos.com

Бас прокурор Берік Асылов кейінгі кезде жиілеп кеткен суицид мәселесіне қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Балалардың өзіне-өзі қол жұмсау толқыны қоғамда резонанс тудырды. Прокурорларға әр дерек бойынша тергеуді ерекше бақылауды тапсырдым. Әлеуметтік желілер балалардың суицид белсенділігіне әсер ететіндіктен прокурорлар 15 мың зиян сайт пен сілтемені бұғаттады", – деді Асылов Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Бас прокурор тиісті органдар қиын тұрмыстық жағдайдағы отбасылармен жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.

"Мемлекеттік органдармен суицидтің алдын алу бойынша шұғыл шаралар кешенін әзірлейміз" – деді ол.

Суицидке қандай балалар бейім? Психолог жауабы

Еске салайық, бұған дейін ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев Қазақстанда суицид дерегі жиілеуіне байланысты ата-аналарға кеңес берді. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова