Қазақстанда суға батып, мерт болғандар саны көбейген

Қазақстанда суға батып, мерт болғандар саны көбейген
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қазақстанда су айдындарында қаза тапқандардың саны күннен-күнге көбейіп жатыр. ТЖМ мәліметінше, балалар өлімі де күрт көбейген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Жазатайым оқиғалар демалыс күндері жиі кездеседі. Қауіпсіздік ережелерін елемеу, жабдықталмаған жерлерде шомылу және балаларды назардан тыс қалдыру көбінесе қайғылы жағдайға әкелуде. Мәселен, шомылу маусымы басталғаннан бері 85 адам, оның ішінде 35 бала суға батып кетті", - делінген ТЖМ хабарламасында. 

ТЖМ қазақстандықтарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Бұл ережелермен сіз министрліктің ресми сайтында таныса аласыз.

Тыйым салынған жерлерде шомылу өмірге қауіп төндіріп қана қоймай, айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке әкеледі. Тек әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 412-бабы бойынша 721 қазақстандыққа 18 миллион теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Министрліктің халықты қорғау бойынша қабылдаған шаралары өз тиімділігін көрсетуде. Оған дәлел, 45 күннің ішінде құтқарушылар 153 адамның, оның ішінде 38 баланың қаза болуына жол бермеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина