Қазақстанда су тасқынынан 7 адам қаза тапты - ІІМ

Қазақстанда су тасқынынан 7 адам қаза тапты - ІІМ
Фото: ашық дереккөз

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев елімізде су тасқынынан 7 адам көз жұмғанын растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бірнеше өңірде қайғылы оқиға тіркелді. Мысалы, Атырау облысында 4 адам, Түркістан облысында кішкентай бала суға батып кетті. Осы оқиғалар бойынша қылмыстық істер қозғалып, алдын ала тергеу амалдары жүріп жатыр", - деді Марат Қожаев Сенаттың жалпы отырысынан соң.

БАҚ өкілі Абай облысы Аягөз ауданындағы тракторда отырған 2 адам суға кеткенін атап өтті.

"Осы деректер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдарының нәтижесі бойынша шешім шығарылады", - деді министрдің орынбасары.

Журналист "Тасқын судың құрбаны 5 адам деп айта аламыз ба? Әлде бұл дерекке Аягөздегі 2 адам өлімін де қосамыз ба? " деп сұрағын нақтылады.

Марат Қожаев табиғи апаттан жалпы 7 адам қаза тапқанын жеткізді.

"Иә, Аягөздегі (2 адамның өлімін) қосу керек", - деді басшы.

Аяз Есен

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz