Қазақстанда су тасқынын бақылап отыруға арналған ресурс іске қосылды

Қазақстанда су тасқынын бақылап отыруға арналған qoldau.gov.kz ресурсы іске қосылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Орталық коммуникациялық қызметі директорының орынбасары Александр Белиловскийдің сөзінше, мемлекеттік қолдау шаралары туралы барлық дерек, жедел есептер, соңғы жаңалықтар, лауазымды тұлғалардың мәлімдемелері, министрліктер мен әкімдіктердің хабарламалары мүмкіндігінше тез жаңартылып, толықтырылатын болады.

"Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері ОКҚ базасында республикалық ақпараттық штаб ашылды. Осы уақыт ішінде орталық және жергілікті мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен 170-ке жуық брифинг өткізілді. Үкімет зардап шеккен өңірлердегі ахуал туралы және су тасқынының салдарын жою үшін қабылданған барлық шаралар туралы дереу хабардар етеді. ТЖ аясында адамдар көптеген ақпарат алған жағдайда, оны тексеруге, ресми дереккөзмен кеңесуге мүмкіндігі болуы маңызды", - деді Белиловский ОКҚ брифингінде.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз