Қазақстанда су тасқыны енді ғарыштан бақылануы мүмкін

Қазақстанда су тасқынын болжау және модельдеу жүйесі әзірленіп жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство басшысы Қазақстанда су тасқыны жағдайын ғарыштан бақылау үшін арнайы ақпараттық жүйе әзірленіп жатқанын баяндады:

  • Оның бірінші кезеңі тарихи және жедел гидрометеорологиялық деректерді, гидропосттардың нақты координаттарын, реперлердің белгілерін және т. б. жинаудан тұрады.
  • Екінші кезең GloFAS жаһандық су тасқыны туралы ескерту жүйесімен интеграциялауды жоспарлап отыр.

"Жүйені тестілік режимде іске қосу биыл 1 желтоқсанға жоспарланып отыр", – деді Жаслан Мәдиев.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз