Қазақстанда стенд атудан алғаш рет Азия кубогы жарысы өтеді

Қазақстанда стенд атудан алғаш рет Азия кубогы жарысы өтеді
Фото: olympic.kz

Алматы облысындағы Александр Асанов атындағы ату клубында стенд атудан Азия Кубогі өтеді, – деп хабарлайды ҚР ҰОК. 

Турнир 20-30 қыркүйек аралығына жоспарланған. Құрлықтық додаға Азияның 40 елінен 500-ден астам спортшы қатысады.

Жарыстың басты мақсаты – ату спортының танымалдығын арттыру,  спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру, спортшылардың рейтингін анықтау, жаттықтырушылар мен төрешілердің кәсіби біліктілігін арттыру.

Айта кетейік, стенд атудан Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасында жүлдеге іліккен жоқ. Үш спортшы бақ сынаған еді.

О. Сансызбай