Қазақстанда сотталғандарды колонияларда ұстау шарттары өзгеруі мүмкін. Ішкі істер министрлігі бұйрық жобасын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Құжат қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ішкі тәртіп ережелеріне түзету енгізуді көздейді. Соның ішінде мынадай бөлік бар:
- сотталғандарға мекемеден тыс жерде смартфон пайдалануға рұқсат беру (жазасын өтеу шарттарын жақсарту).
Айта кетейік, бұйрық әлі күшіне енген жоқ. Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланған және 11 наурызға дейін жария түрде талқыланады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова