Қазақстанда сотталған 500-ге жуық өзбекстандық жазасын өз елінде өтейді

Өзбекстан сенаты Қазақстанмен "Сотталғандарды беру туралы" келісімді ратификациялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Өзбекстан сенаты Қазақстанмен сотталғандарды беру туралы келісімді ратификациялады. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев келісімді ратификациялау туралы заңға 15 ақпанда қол қойды. Оған сәйкес, сотталғандар жазасын өз елінде өтей алады. Бүгінде Қазақстанның түрмелерінде Өзбекстанның 486 азаматы, ал Өзбекстанда 20 қазақстандық жазасын өтеп жатыр", - делінген Сыртқы істер министрлігі таратқан хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды жазасын одан әpi өтеу үшін беру туралы шартты ратификациялау туралы" заңға қол қойғанын хабарлаған едік.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!