"Атамекен" кәсіпкерлер палатасы Жоғарғы сотпен бірлесіп, сот ісінің нәтижесін болжай алатын жасанды интеллект моделін жасап жатыр. Жүйе smart-аналитика принцибімен жұмыс істемек.
Бастамашыл топтың айтуынша, жүйе болашақта сот ісін 70% жеңілдетпек. Себебі smart-аналитика арыз беруші арыз жазбай тұрып-ақ сот ісінің нәтижесін болжай алады.
Жүйені қолдану үшін арнайы порталда кілт сөздерді немесе арыздың сипатын енгізу керек. Базаға қазір 1,2 сот акті мен 120 мың арыз енгізілген.
Жүйе сотқа келесі жылдың басында қолжетімді болады. Ал өзге тұлғалар 2020 жылдың соңына қарай қолдана бастайды.