Қазақстанда соңғы қоңырау 25 мамырға қайтарылады

Қазақстанда соңғы қоңырау 25 мамырға қайтарылады
Фото: ©️ Tengrinews.kz

Қазақстанда соңғы қоңырау 25 мамырда соғылады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары - еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бұл әлемдік тәжірибе екенін мойындауымыз керек. Бірақ мұндай жаңалықтарды енгізу әрқашан тыңғылықты дайындықты талап етеді. Министрліктің шешімі орынды, бірақ асығыс болды деп есептеймін. Осыған байланысты биыл 34 апталық оқу жылы ұзақтығына, 25 мамырда аяқтауға ораламыз деп ойлаймын", - деді Дүйсенова Астанада өткен тамыз кеңесінде.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда соңғы қоңырау 1 маусымда атап өтілетіні айтылған еді. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек