Қазақстанда соңғы он жылда 10 мыңнан астам адам суға батып кеткен

Қазақстанда соңғы он жылда 10 мыңнан астам адам суға батып кеткен
Фото: pavlodarnews.kz

Елде соңғы 10 жылда 10240 адам суға батып, қайтыс болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24kz телеарнасына сілтеме жасап.

Оның мыңға жуығы бала. Соған қармастан, шомылу маусымы кезінде құтқарушылардың ескертуін елемейтіндер азаймай тұр. Мәселен Астананың өзінде биыл 3 адам суға батып кеткен. Тағы 100 шақты адамға хаттама толтырылып, 1 миллионнан астам айыппұл салынған. Елде шомылу маусымы басталғалы 70 адам суға кеткен. Оның 30-ы бала.

"Осындай қайғылы жайттардың басым бөлігі ата-аналардың жауапсыздығынан болады", - дейді мамандар. Ал ересектер суға мас күйінде көп түскендіктен арты өліммен аяқталатын көрінеді. Байқаған шығарсыз, суға батқан адамның сөйлеуге де, айқайлап көмек сұрауға да шамасы болмайды.

"Ондай сәтте жағада қалғандар серіктесін толық бақылап отыру керек" - дейді мамандар. Себебі қайғылы оқиғалардың көпшілігі осындай немқұрайлық пен жауапсыздықтан болады.

"Көбі қарсылық танытады. «Мен осы жерде бұрыннан суға түсем ғой, сендер қайда жүрдіңдер?» деген сөздер айтады. Неге басқа жерде өткізбейсіңдер деген сияқты. Біз өзіміздің тарапымыздан шомылу маусымы кезінде судағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты міндетіміз. Қазір жедел құтқару жасағының өзінде 40 сүңгуір құтқарушы бар. Оның ішінде 8 қайық бар", - дейді Астана қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Азамат Алпамысұлы. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек