- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда соңғы бір...
Қазақстанда соңғы бір ғасырда сағат тілі неше рет ауысқан?
Географиялық тұрғыда 4 уақыт белдеуінде орналасқан Қазақстанда соңғы 100 жылда сағат тілі 12 рет ауысқан екен. Сөйтіп, 2000 жылға қарай тек екі белдеу қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24KZ телеарнасына сілтеме жасап.
Енді барлық өңір біріңғай уақыт белдеуіне көшті. Сарапшылар тиімділігін дәлелдеп, бүге-шігесіне дейін түсіндіріп берді. Нәтижесінде біздің уақыт Еуропаның уақыт белдеуіне бір сағат жақындап, Қытайдан бір сағатқа алыстады. Сағат тілі бір сағатқа кері шегерілді. Өзге өңірлермен салыстырғанда, ел шығысындағы екі облыста таң ерте атып, күн ерте батады. Уақыт белдеуінің өзгеруінен жаңашылдық күтетіндер көп.
Сағат тілін кері шегерудің мәнісін биотехнолог Әмір Қуат жақсы біледі. Жас ғалым 13 жасынан бастап осы саланы зерттейді. Оның айтуынша, мұның маңызы зор. Анығында Шығыс Қазақстанның көп бөлігі о бастан UTC+5 белдеуіне жатады екен.
"Қазақстан қателеспесем 67 процент аумағы өзінің уақыт белдеуінде орналаспаған өкінішке орай UTC +6 жасанды қолдан жасанды түрде 67 процент территорияға созылып кеткен.Сондықтан жасалып жатқан жұмыс - адамдарға жергілікті тұратын адамдарға табиғи уақыт белдеуін қайтарып беру", - дейді биотехнолог Әмір Қуат.
Мамандардың пікірінше, бірыңғай белдеу әлемнің 175 мемлекетіне енізілген. Экономикалық тиімділігі әлдеқашан дәлелденген. Мұны отандық сарапшылар да жоққа шығармайды.
"Қазақстан бойынша экономикалық жағдайға тиімді деп саналады. Себебі Батыс Қазақстанның, батыс өңіріндегі облыстармен қалған облыстар бір сағат жүйесінде жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар бұл жерде табиғи сағат ритмі есепке алынды", - дейді облыстық техникалық реттеу және метрология департаментінің басшысы Әсем Жақсыбаева.
Зерттеушідер бір жағы адамның қоршаған ортамен үндестігі реттелетінін айтады. Денсаулыққа әсіресе бала ағзасының дамуына оң әсерін тигізеді екен.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина