- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- қостанай қаласы
Қазақстанда ішімдікке құмар қала белгілі болды
Қостанай облысы ішімдікке құмар қалалар тізімінде көш бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Наша Газета" сайтына сілтеме жасап.
Мұндай қорытындыны полиция статистикалық деректерге сүйеніп хабарлады. "Наша газета" жазғандай, бұл туралы 21 қараша күні РСК-да өткен брифингте полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Алексей Милюк айтты. Мәселен, биылғы жылдың басынан бері облыста 20,5 мың, 2023 жылы 11 725 адам сауықтыру орындарына түскен.
"Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына күн сайын полицейлер 25 адамға арналғанына қарамастан 50-ге жуық адамды жеткізеді. Біздің есептеуіміз бойынша сауықтыру орталығының сыйымдылығы кемінде 100 төсек болуы керек", - деді Милюк.
Оның айтуынша, денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, Қостанайдағы жұмыс істеп тұрған сауықтыру орталығын кеңейту мәселесі қарастырылып жатыр. Ал Тобыл қаласында осы айда 10 төсектік детоксикация орталығы ашылды. Алдағы уақытта орын жетпей жатса, одан да көп адам қабылдай алады.
"Жалпы, әрбір аудан мен қалада сауықтыру орталықтары болғаны дұрыс", – деп қосты Милюк.
Сондай-ақ брифингте Ақтөбе облысы антирейтинг бойынша Қостанайдың ізін басып келе жатқаны айтылды.
Қостанай облысы - Қазақстан Республикасының солтүстік бөлігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік. Облыс Ресей Федерациясымен шектеседі және Қазақстанның маңызды аграрлық және өнеркәсіптік аймақтарының бірі.
Еске салайық, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданындағы ауылдардың бірінде заңсыз алкоголь сату фактісі анықталғанын жазған едік.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Д. Литпин