- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда ішімдікке қай...
Қазақстанда ішімдікке қай өңір тұрғындары әуес екені белгілі болды
Қазақстанда ішімдікке қай өңір әуес екені белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биыл екінші тоқсандағы нәтиже бойынша Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары ішімдік көп ішетін болып шыққан. Үштікте – Павлодар облысы және Алматы қаласы.
Ал ішімдік аз ішетін – қызылордалықтар, ақтөбеліктер мен маңғыстаулықтар болып шыққан.
Тамыздағы деректер бойынша айлық динамика бойынша ішімдік 0,4 пайызға, ал бір жылда 9,3 пайызға қымбаттаған.
Мысалы, шарап – 0,8 пайызға, сыра – 0,5 пайызға қымбаттаса, арақ – 0,2 пайызға арзандаған. Ал жылдық деректер бойынша, шарап – 9,9 пайызға, сыра – 14,4 пайызға, ал арақ – 3,6 пайыз қымбаттаған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина