Қазақстанда шетел валютасымен сақталатын депозиттер үлесі артты

Қазақстанда шетел валютасымен сақталатын депозиттер үлесі артты
Фото: joinfo.ua

Қазақстанда шетел валютасымен сақталатын депозиттердің үлесі артты. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев мәлім етті.

Отырыста "2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет" туралы "ҚР заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы талқыланды. 

Айырбас бағамына қатысты пікір білдіре отырып, Ақышев валюта нарығында қазіргі уақытта жағдайдың қалыпты екенін тағы бір рет атап өтті. "Валюта нарығындағы қалыптасқан теңдік Қазақстан экономикасына сырттан әсер етіп жатқан жағдайларға − мұнай бағасы, ресейлік рубль бағамы, Ресей мен Қытайдың экономикалық жағдайы мен әлемдік валюта бағамдары қатынасына − толығымен сәйкес келеді,  деді Ұлттық банк басшысы. 

Сонымен қатар ол депозиттер бойынша көрсеткіштерді келтірді.

"2015 жылдың 10 айында депозиттер 24,6 пайызға өсті. Ал шетел валютасындағы депозиттердің үлесі 55,5 пайыздан, 65,9 пайызға дейін көтерілген. Бұл ұлттық валютаның әлсіреуінен кейін валюта бөлімінің қайта бағалануымен байланысты болды",  деді Ақышев.

Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін