Қазақстанда шаш жуу 41,7 пайызға қымбаттады

Қазақстанда шаш жуу 41,7 пайызға қымбаттады
Фото: pexels.com

Шаш күтіміне арналған тауар 41,7 пайызға қымбаттаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі СЖРА Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, сусабындар бір жылда 41,7 пайызға қымбаттады, сонымен қатар, мұндағы өндірістің азайғаны да байқалды. Шаш күтімі өнімдерін, атап айтқанда, сусабындар, шашқа арналған лактар және шашты бұйралауға немесе сәндеуге арналған өнімдер өндірісі 10,3 пайызға төмендеді. Осылайша 2022 жылдың 12 айында 606 тоннадан астам өнім өндірілген.

Өз кезегінде импорт 18,1 пайызға өсті. Сырттан 24,3 мың тонна шампунь мен шашқа арналған лак әкелінді. Импорт өнімдерінің үлесі - 97,6 пайыз.

12 айдың қорытындысы бойынша, ішкі нарықта жоғарыда аталған өнімдердің 24,1 мың тоннасы сатылған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина