- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда сайлау учаскесіне...
Қазақстанда сайлау учаскесіне төрт адам мас күйінде келген
Қазақстанда 19 наурызда сайлау учаскелерінен барлығы 32 азамат шығарылған. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев "Сайлау-2023" онлайн марафоны кезінде айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, құқық бұзушылықтардың негізгі себептері - сайлау комиссияларының жұмысына кедергі жасау, учаскеде видеотүсірілім жасау, комиссия мүшелеріне дөрекі мінез-құлық көрсету.
Алматы, Жетісу және Шығыс Қазақстан облыстарында бюллетеньдерді бүлдірудің 3 дерегі тіркелген.
"Сайлау учаскесіне мас күйінде келіп, қоғамдық тәртіпті бұзудың 4 фактісі анықталды. Олар Алматы, Шығыс Қазақстан, Ұлытау облыстары бойынша. Құқық бұзушыларға қатысты Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 444-бабы және 434-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Полиция қызметкерлері штаттық режимде өз қызметін жалғастырып жатыр", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстандағы мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау кезінде 19 тұлғаның заң бұзғанын хабарлаған едік.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан