Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау күні елдегі жағдай тұрақты. Қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу деректері тіркелген жоқ. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, дауыс беру басталған сәттен аяқталғанға дейін полицияның басты міндеті - қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
"Барлық дайындық жұмысы алдын ала жүргізілді. Сайлау учаскелерінің қауіпсіздігі тексеріліп, олар тәулік бойы күзетке алынды. ІІМ-де жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Елдің барлық өңірінен ақпарат онлайн режимде үздіксіз түсіп отыр. Қазір елдегі ахуал тұрақты. Қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу деректері тіркелген жоқ", - деді Шыңғыс Әлекешев ОКҚ-да өткен онлайн-марафон аясындағы брифингте.
ІІМ өкілі полиция қызметкерлерінің сайлау үдерісіне араласпайтынын да атап өтті.
Тәртіп сақшылары дауыс беру залына тек сайлау комиссиясы төрағасының шақыруымен кіре алады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз