- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда сары май...
Қазақстанда сары май қымбаттады
Қазақстанда жыл басынан бері сары май 15 пайызға қымбаттады, - деп хабарлайды Energyprom.kz.
Жыл басынан шілдеге дейін елімізде сары май өндірісі 13,9 мың тонна болған. Бұл былтырғымен салыстырғанда 12,6 пайызға аз. Бұған дейін өндіріс көлемі 31,9 пайызға артқан.
Жыл басынан бері қазақстандық май зауыттары сары майға сұранысты 71 пайызға, былтыр 83,6 пайызға қамтамасыз еткен.
Елдің ішкі нарығында сары май сатылымы 2022 жылғы қаңтар-мамырда 19,9 пайызға, 12,5 мың тоннаға дейін өсті. Осыған ұқсас кезеңде экспорт шамамен төрт есе, 541,5 тоннаға дейін қысқарды.
2022 жылғы шілденің қорытындысы бойынша тұздалмаған сары майдың бағасы бір айда 1,2 пайызға өскен. Ал жыл басынан бері баға бірден 14,7 пайызға өскен.
Елде тұздалмаған сары майдың бөлшек саудадағы құны биыл шілдеде бір келісіне 3,3 мың теңгеге жеткен. Ірі қалалар бойынша баға Павлодарда 2,7 мың теңгеден Атырауда 4,3 мың теңгеге дейін өзгерген.
Жыл басынан бері сары май Маңғыстау облысында бірден 29 пайызға қымбаттаған. Одан кейін Шымкент пен Жамбыл облысы тұр, онда бағаның өсуі тиісінше 26,7 және 26,4 пайыз болған.
Ж. Қадыржанова