- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда салық жоспардан...
Қазақстанда салық жоспардан артық жиналды
2022 жылдың 5 айында мемлекеттік бюджетке салық түсімдері бойынша жоспар 106,8 пайызға орындалды. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді, - деп хабарлайды "Массагет".
Бекітілген 5 894,2 миллиард теңге жоспар 398,9 миллиард теңгеге асыра орындалып, 6 293,1 миллиард теңге түсті. Былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда салық түсімдері 1,5 есеге немесе 2 145,3 миллиард теңгеге көбейген.
Оның ішінде:
- Республикалық бюджет 100,3 пайыз орындалды (жоспар бойынша 4 273,5 миллиард теңге, 10,8 миллиард теңгеге асыра орындалып, 4 284,3 миллиард теңге түсті), өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,6 есе немесе 1 686,9 миллиард теңгеге өсті.
- Жергілікті бюджет 123,9 пайыз орындалды (жоспар бойынша 1 620,7 миллиардтеңге, 388,1 миллиард теңгеге асыра орындалып, 2 008,8 миллиард теңге түсті) 2021 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 29,6 пайыз немесе 458,4 миллиард теңгеге өсті.
2021 жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда республикалық бюджетке түсімдердің ең көп сомасы корпоративті табыс салығы бойынша 624,1 миллиард теңгеге немесе 1,9 есе, ішкі өндіріс тауарларына қосылған құн салығы 494,4 миллиард теңгеге немесе 2,2 есе, мұнайға салынатын экспорттық кеден баждары бойынша 356,5 миллиард теңгеге немесе 2 есе, үшінші елдерден импортқа қосылған құн салығы 112,8 миллиард теңгеге немесе 37,8 пайызға, пайдалы қазбалардың өндірісіне салынатын салығы 70,5 миллиард теңгеге немесе 35,0 пайызға және ЕАЭО елдерінен импортқа қосылған құн салығы 66,6 миллиард теңгеге немесе 20,5 пайызға өскені байқалады.
Мемлекеттік кірістер комитеті түсімдердің өсуіне қандай факторлар әсер еткенін айтты.
G. Dosymshalova"2022 жылы 5 айда өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда негізгі экспорттық позицияларға, оның ішінде мұнайға 65,1 пайыз, алюминийге 44,0 пайыз, мырышқа 37,9 пайыз, қорғасынға 12,6 пайыз, мысқа 10,1 пайыз және алтын 4,4 пайыз бағаның өсуі байқалады. Шикі мұнайға салынатын кедендік әкету бажының мөлшерлемесі 56,4 пайызға өсті (1 тонна үшін орташа мөлшерлемесі 2021 жылғы қаңтар-мамыр айында – 55,0$, 2022 жылғы қаңтар-мамыр айында 1 тонна үшін – 86,0$).
Ағымдағы жылғы 5 айда үшінші елдермен тауар айналымы 53,6 пайызға өсті (экспорт 68,9 пайызға, импорт 19,9 пайызға өсті).
Өткен жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2022 жылғы 5 айда өткізу бойынша айналым 20,2 пайызға ұлғайды (40 604 миллиард теңгеден 48 809 миллиард теңгеге дейін)", - делінген хабарламада.