- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда руға, дінге,...
Қазақстанда руға, дінге, нәсілге қатысты алауыздық тудыру қылмыстары өскен
Биылғы бірінші тоқсан қорытындысы бойынша, ҚР "Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни алауыздық тудыру" бабы бойынша 23 құқық бұзушылық тіркелген. Бұл былтырмен салыстырғанда 43,8 пайызға көп, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ranking.kz сайтына сілтеме жасап.
Салыстырмалы түрде: жалпы 2022 жылы (қаңтар-желтоқсан) саладағы құқық бұзушылықтар саны небәрі 46 болды, бұл бір жыл бұрынғыдан 20,7 пайызға аз.
Биыл бірінші тоқсанда мұндай құқық бұзушылықтар ҚР 20 өңірінің 12-де тіркелді. Барлық құқық бұзушылықтардың басым бөлігі Ақмола және Түркістан облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында: әрқайсысында 3 істен.
Сонымен қатар, 2022 жылдың барлық он екі айында алауыздық тудыру бойынша құқық бұзушылықтар ҚР 20 өңірінің 15-де ғана тіркелген. Алматы қаласы теріс рейтингте көш бастады: былтыр 8 іс тіркелді, бір жыл бұрын 3 іс болған. Одан кейін Ақмола облысы мен Шымкент: тиісінше 6 және 5 іс.
Жыл басынан бері ҚР-да әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни алауыздық тудырғаны үшін 6 адам, бір жыл бұрын 3 адам сотталған. Оның ішінде 4 адам үкім шығарылған кезде 30–39 жас аралығында, бір адам 18–20 және 40–49 жас аралығында болды. 5 адам орта білімді, бір адам жоғары білімді. Сотталғандардың ішінде 5-еуі жұмыс істемейтін және оқымайтын еңбекке жарамды адам.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина