Қазақстанда республикалық маңызы бар төрт автожол жабылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
QazAvtoJol Telegram-дағы каналының хабарлауынша, 21 желтоқсан сағат 17:00-дегі ахуал бойынша үш облыста республикалық маңызы бар автожолдың төрт учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді:
Жетісу облысы – бір учаске: "Үшарал – Достық" учаскесі Көктума стансасы – Достық стансасы. Шектеу көліктің барлық түріне (боран, жолдың дұрыс көрінбеуі) енгізілді.
Ақмола облысы – бір учаске: "Жібек жолы" ақы алу пунктінің "Екатеринбург – Алматы" учаскесі – Қарағанды облысының шекарасы. Шектеу жүк және қоғамдық көліктерге (боран, жолдың дұрыс, көктайғақ) қатысты.
Қарағанды облысы – екі учаске: "Екатеринбург – Алматы" учаскесі, Ақмола облысының шекарасы – Теміртау ПВП және Новостройка ауылы учаскесі – Ақсу-Аюлы ауылы. Шектеу жүк және қоғамдық көліктерге (боран, жолдың дұрыс көрінбеуі, көктайғақ) қатысты.
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 703 техника жұмыс істеп жатыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!