15 ақпан сағат 18:00-дегі ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 11 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 17 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол"-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
- Абай облысында - 2 учаске (177 шақырым);
- Ақтөбе облысында – 2 учаске (467 шақырым));
- Алматы облысында - 1 учаске (84 шақырым));
- Шығыс Қазақстан облысында – 4 учаске (298 шақырым));
- Жамбыл облысында - 1 учаске (450 шақырым));
- Жетісу облысында - 1 учаске (100 шақырым));
- Қостанай облысында - 1 учаске (83 шақырым));
- Қызылорда облысында - 1 учаске (582 шақырым));
- Солтүстік Қазақстан облысында - 1 учаске (163 шақырым));
- Түркістан облысында - 2 учаске (283 шақырым));
- Ұлытау облысында - 1 учаске (115 шақырым))
Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 670 бірлік техника және 1479 жолшы жұмылдырылған
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!