- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Республика күні Қазақстан
Қазақстанда Республика және Қазақстан есімді қанша адам бар?
25 қазан - Республика күні. Massaget.kz тілшісі айтулы мерекеге орай елімізде қанша адамның есімі Республика, қанша адамның есімі Қазақстан екенін анықтады.
Республика, Қазақстан есімді қанша адам бар?
Ұлттық статистика бюросының жауабына сүйенсек, елімізде Республика есімді адам жоқ. Дегенмен Қазақстан және Казахстан есімін алғандар бар. Олардың жалпы саны - 31.
"Қазақстан есімді 7 адам, ал Казахстан есімді 24 адам бар", - деп жазылған хабарламада.
Олар Астана, Шымкент қалаларында, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында тұрады.
Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов
Қазақстандықтар Республика күнінде қанша күн демалады?
Қазақстандықтар 25 қазан - Республика күніне орай биыл да үш күн қатарынан демалады. 2024 жылы Республика күні жұмаға сәйкес келеді:
- 25 қазан, жұма - Республика күні, ресми демалыс;
- 26 қазан, сенбі - әдеттегі демалыс;
- 27 қазан, жексенбі - әдеттегі демалыс.
Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер екі күн демалады.
Айта кетейік, Республика күніне орай демалыс ресми түрде 2022 жылдан бастап беріліп келеді.
Анықтама: Елімізде 25 қазанда Республика күні атап өтіледі. 1990 жылы осы күні Қазақ КСР Мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды. Осыған орай бұл айтулы мереке күні Тәуелсіздік күнімен қатар демалыс күндер қатарына енді. 2009 жылы Республика күні ұлттық мереке мәртебесінен айырылды. Дегенмен былтыр Республика күніне ұлттық мереке мәртебесі қайтарылды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл күнге ұлттық мереке мәртебесін қайтарудың маңызын да түсіндірген еді.
"Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы декларация қастерлі Тәуелсіздігімізге жол ашты. Сондықтан бұл тарихи құжаттың мән-маңызы зор. Біз биылдан бастап Республика күнін ұлттық мереке ретінде жаңа мазмұнда атап өтеміз. Осы бастама жұрттың кең қолдауына ие болып, дәстүрге айналарына сенімдімін. Республика күні - халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын айшықты мереке", - деген болатын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова