Ресей азаматтарының көптеп келуіне байланысты туындаған тұрғын үй нарығындағы дүрбелеңнен кейін Қазақстанда жалға алу бағасы қалай арзандағанын Krisha.kz есептеп көрді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Басылым жалдамалы пәтер құнының теріс динамикасы қазан айының ортасынан басталып, содан бері бағалар орта есеппен 30 пайызға төмендегенін жазды.
8 желтоқсандағы мәлімет бойынша, пәтер бағасы айтарлықтай төмендеген қалалар көшін Петропавл, Орал, Ақтөбе бастап тұр. Онда шаршы метр орта есеппен 40-50 пайызға арзандаған.
Одан кейін Астана, Қостанай, Павлодар, Көкшетау, Атырау, Алматы, Қарағанды, Ақтау қалаларында пәтер жалдау ақысы дүрбелең кезеңмен салыстырғанда әлдеқайда арзан.
Алайда, қыркүйекке дейінгі кезеңмен салыстырғанда Қазақстанда пәтер жалдау әлі де 25 пайызға қымбатырақ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!