Қазақстанда «Qazaq Air» әуе компаниясы құрылды

Қазақстанда «Qazaq Air» әуе компаниясы құрылды
Фото: tui-reise.at

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры» АҚ «Qazaq Air» АҚ еншілес компаниясының құрылғандығы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды kase.kz. 

«Самұрық-Қазына» басқармасының 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 02/15 шешімімен жарғылық капиталында қордың жүз пайыздық қатысуымен «Qazaq Air» АҚ құрылды. Компанияны құруға ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің келісімін алған жағдайда 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 117 шешімімен Қордың директорлар кеңесі «Qazaq Air» АҚ-ның 100 пайыз акциясын алу туралы уағдаласты.

Айта кетейік, аталған әуе компаниясының кеңсесі Астанада орналасқан. Оның негізгі қызметі Қазақстан Республикасы халқы қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында өңірлік және халықаралық жолаушылар тасымалына, сондай-ақ жүктердің тасымалына бағытталған.  

Дереккөзі: baq.kz

Н. Айдархан