Қазақстанда психикалық ауытқуы бар қанша адам тіркелген?

БАҚ беттерінде түрлі жантүршігерлік оқиғалар жиі жазылады. Соның ішінде кейбір жағдайлар психикалық ауытқуы бар адамдарға қатысты. Massaget.kz тілшісі Қазақстанда психикалық ауытқуы бар қанша адам тіркелгенін анықтады.

Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, қазір динамикалық бақылауда 201 140 адам тіркеуде тұр.

"Кәмелет жасқа толмаған тіркеудегі науқастар саны - 42 500, қалған 158640 науқас - ересектер", - деп жазылған ведомствоның Massaget.kz-ке ресми жауабында.

Massaget.kz/Болат Айтмолда

Заңнамаға сәйкес ауыр, өзгермейтін сипат алған, асқынған ауру белгілері бар созылмалы немесе ұзаққа созылған психикалық бұзылушылықтан зардап шегетін адам есепке алынады.

"Психикалық мінез-құлық бұзылысы диагнозы аурулардың клиникалық көріністеріне сәйкес қойылады", - деп жазылған жауапта.

 Психикалық ауытқуы бар адамдарға қандай шаралар қолданылады?

Психикалық мінез-құлық бұзылыстары бар адамдар Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық қызметтердің сапасы жөніндегі бірлескен комиссиясы мақұлдаған клиникалық хаттамаларға сәйкес емделеді.

Massaget.kz/Болат Айтмолда

Психикалық ауытқуы бар адам қандай жағдайда есептен шығарылады?

"Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес психикалық мінез-құлық бұзылыстары бар адам мына жағдайларда есептен шығарылады:

  • психикалық мінез-құлық бұзылыстарының көріністері болмауы, кемінде 12 ай;
  • қызмет көрсетілетін аумақтан тыс жерге шыға отырып, тұрғылықты жерін өзгерту;
  • 12 ай ішінде орналасқан жері туралы нақты мәліметтер болмауы", - деп жазылған жауапта.

Massaget.kz/Болат Айтмолда

Айта кетейік, жуырда Шымкентте 6 баланы асырап алып, оларға зәр ішкізіп, нәжіспен тамақтандырған ер адамның әрекеті жұртты шулатты.

"Тәуіп" – Шымкентте асырап алған балаларын аяусыз қорлаған отбасының көршілері

Кейін балаларды асырап алған ер адамның психикалық ауытқуы бары белгілі болды. Ал Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечки қамқоршылық органдары ер адамның психикалық ауытқуы барын білмегенін айтты.

Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы психиатрия орталығынан фоторепортаж жасап, орталықтың бас дәрігері Сапар Құттыбайұлымен сұхбаттасып, емдеу шаралары туралы сұраған едік.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!