23 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына үміткерлерді ұсыну басталды. Үміткерлер өтініштерін 11 қазанға дейін білдіре алады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына үміткерлерді ұсыну сайлау тағайындалған күннің келесі күнінде басталады. Яғни 2022 жылғы 23 қыркүйекте басталып, 11 қазан сағат 18:00-де аяқталады", - деді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
"Президенттікке үміткерлерді қолдау үшін облыстар, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың кем дегенде 2/3 атынан теңдей өкілдік ететін сайлаушылар санының кем дегенде 1 пайызының қолын жинау қажет. Қол қою парақтарын беру кандидаттың Конституция мен Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігін анықтағаннан кейін 5 күннің ішінде жүргізіледі", - дейді К. Петров.
Оның айтуынша, әр кандидатты қолдау үшін 118 273 сайлаушының қолы жиналуы тиіс.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!