- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда пәтер бағасы...
Қазақстанда пәтер бағасы өскен
krisha.kz қаңтарда пәтерлердің орташа бағасы қалай өзгергенін есептеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2022 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда бағалар өскен:
- Алматы мен Қызылордада +1,5 пайыз;
- Атырау, Шымкент, Павлодар 1-1,1 пайызға.
Бұл ретте баға Көкшетауда (-2,3 пайыз), Петропавлда (-0,7 пайыз ), Семейде (-0,5 пайыз ), Ақтауда (-0,4 пайыз) төмендеді.
Астана, Өскемен, Қарағанды, Орал, Тараз, Ақтөбе, Қостанай, Талдықорғанда 0,8 пайыз шегінде өзгеріс бар.
Жылдық динамикаға (2022 жылғы қаңтарға) қарасаңыз, пәтерлер орташа алғанда 11,1 пайызға қымбаттаған.
Ең көп бірлік аудан бағасы қымбаттады:
- Ақтөбеде: +21,1 пайыз ;
- Семей: +20 пайыз ;
- Павлодар: +13,9 пайыз ;
- Қостанай: +13,9 пайыз ;
- Қызылорда: +13,6 пайыз ;
- Алматы: +13,1 пайыз ;
- Атырау: +12,5 пайыз ;
- Шымкент: +12,1 пайыз ;
- Тараз: +12 пайыз ;
- Қарағанды: +11,7 пайыз ;
- Ақтау: +11,1 пайыз .
Орал мен Өскеменде пәтерлер 10 пайыздан сәл асса, Астанада - 7,9 пайызға, Көкшетауда - 5,9 пайызға, Петропавлда 4,5 пайызға қымбаттады.
Жыл ішінде орташа баға төмендеген жалғыз қала - Талдықорған: -2 пайыз .
Қаңтардағы тұрғын үй құны бойынша Қазақстандағы үздік 5 қала:
Алматы - 1 шаршы метрге 708,4 мың теңге;
Астана - 484,4 мың теңге;
Шымкент - 430,3 мың теңге;
Өскемен - 395,8 мың теңге;
Атырау - 395,0 мың теңге.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек