Қазақстанда пәтер бағасы көтерілді

Қазақстанда пәтер бағасы көтерілді
Фото: pixabay

Бір жылда пәтерлерді қайта сату бағасы 1,9 пайызға, жаңа тұрғын үйлерді сату 5 пайызға өсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ал абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі былтырмен салыстырғанда 26,8 пайызға өсті.

Өңірлер арасында жаңа тұрғын үй нарығында жылдық мәнде баға Павлодарда 18,1 пайызға, Ақтауда 18 пайызға, Семейде 16 пайызға өсті. Қолданыстағы пәтерлер нарығында баға өсімі бойынша Семей (29,9 пайызға), Ақтөбе (22,4 пайызға), Қызылорда (19 пайызға) және Қостанай (18,8 пайызға) қалалары көш басында тұр, ал тұрғын үйді жалға беру нарығында баға Көкшетау (45,5 пайызға), Петропавл (41,5 пайызға), Ақтау (41,1 пайызға) және Алматы (38,8 пайызға) қалаларында айтарлықтай өскен.

Бір айдың ішінде жаңа тұрғын үйді сату бағасы 0,2 пайызға жоғарылады. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова