Қазақстанда пәтер бағасы қалай өзгерді?

Қыркүйекте қайталама нарықтағы пәтердің орташа құны Қазақстанның 10 қаласында өскен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Krisha.kz сайтына сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, ең көбі Алматыда өскен: +1,9 пайыз. Алматыда пәтердің шары метрі орта есеппен 671,3 мың теңгеге сатылған. 

Семейде (353,8 мың) және Астанада (481,6 мың) баға 1,3 және 1,2 пайызға өскен. 

Жеті қалада динамика 1 пайыздан аз: 

Ақтөбеде: +0.9 пайыз, шаршы метр - 277,1 мың теңгеден;
Оралда: +0.8 пайыз, 306,5 мың;
Шымкентте: +0.4 пайыз, 421,5 мың;
Таразда: +0.2 пайыз, 296,3 мың;
Павлодарда: +0.2 пайыз, 362,5 мың;
Көкшетауда: +0.1 пайыз, 322,3 мың;
Ақтауда: +0.1 пайыз, 294,4 мың.

Тек үш қалада баға өзгермеген: Өскемен, Талдықорған және Қарағанды тамыздағы деңгеймен қалған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!