Қазақстанда Парламент Сенаты депутаттарын сайлау басталды

Қазақстанда Парламент Сенаты депутаттарын сайлау басталды
Фото: Tengrinews.kz

Қазақстанда сағат 11.00-де Парламент Сенаты депутаттарын сайлау басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Еліміздің барлық облысында, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында сайлау учаскелері ашылды.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, бюллетеньдерге 55 кандидат енгізілген.

Алматыдан төрт үміткер, алты облыстан - Алматы, Жетісу, Жамбыл, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарынан - екіден, қалған облыстар мен Шымкент пен Астана қалаларынан - үш үміткерден тіркелді.

Сенат депутаттарын жанама сайлау құқығы негізінде мәслихаттардың депутаттарын Қазақстан азаматтары жасырын дауыс беру арқылы сайлайды. Республика бойынша сайлаушылар тізіміне 3168 мәслихат депутаты енгізілді. Олардың айтарлықтай бөлігі Түркістан облысында - 317 және Қостанай облысында - 263.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындау туралы шешім қабылдаған болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек