Қазақстанда орташа зейнетақы мөлшері Т55 мың болады

Қазақстанда 2016 жылғы 1 қыркүйекке зейнетақының орташа мөлшері Т55 мың болады, деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметінен. 

«Базалық зейнетақының мөлшері 11 мың. 965 теңгені, зейнетақының орта  мөлшері 55 мың. 49 теңгені құрайды (базалық зейнетақыны қоса есептегенде)», - делінген сейсенбі күні таратылған хабарда.

Ведомство сайтында жарияланған хабарда айтылғандай, 2016 жылғы қаңтар-тамыз айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеу үшін 195,3 млрд. теңге, ортақ  зейнетақы төлеу үшін 689,4 млрд. теңге бөлінді. 

1 қыркүйектегі мәліметтерге сай базалық зейнетақыны 2 млн. 47 мың адам, ортақ зейнетақыны 2 млн. 20 мың адам алады.

Жыл басынан бері қазақстандықтар 884,7 млрд. теңге сомасында зейнетақы төлемдерін алды, делінген хабарда. 

Дереккөз: kaztag.kz