Қазақстанда орташа зейнетақы мөлшері 120 923 теңгеге жетті

Қазақстанда орташа зейнетақы мөлшері 120 923 теңгеге жетті
Фото: © Тұрар Қазанғапов/tengrinews.kz

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Еңбек жәні халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 миллион 301 мың адам.

"2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша, жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 923 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 83 092 теңге, базалық зейнетақы – 37 831теңге", - делінген хабарламада.

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 триллион 924,5 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленген. Оның ішінде базалық зейнетақы – 590,6 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы – 1 триллион 333,9 миллиард теңге.

Еске салайық, шілдеде жалпы зейнетақының орташа мөлшері 120 641 теңге болған еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан