- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда орташа жылдамдықты...
Қазақстанда орташа жылдамдықты асырғандар үшін айыппұл заңдастырылады - БАҚ
Қазақстан стандарттау және метрология институты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске "орташа жылдамдық" ұғымын енгізу жобасын дайындады, - деп хабарлайды "Массагет" тілшісі Kolesa.kz сайтына сілтеме жасап.
Тасжолдағы автомобильдің "орташа жылдамдығы" ұғымын техникалық тұрғыдан алғанда жолдардағы камералардың жұмысын реттейтін "Жол қозғалысын бақылауды қамтамасыз ету үшін автомат режимде жұмыс істейтін және фото және кинотүсірілім, бейнежазба функциялары бар арнайы техникалық құралдар" ұлттық стандартына енгізу жоспарланып отыр. Осыдан кейін бұл тұжырымдаманы жол ережелері мен Әкімшілік кодексте жазуға болады.
"Көлік құралы қозғалысының орташа жылдамдығы - бақыланатын учаскені көлік құралы жүріп өткен уақыт қатынасына тең сипаттама", - делінген институт дайындаған стандарт жобаның 3.14-тармағында.
Құжат жаздың соңына дейін қабылдануы керек. Болжам бойынша, алғашында орташа жылдамдық қала маңындағы жолдарда өлшенеді, ал болашақта қалалық камераларға да өзгеріс енгізіледі. Орташа жылдамдықты асырғандар үшін қандай айыппұл салынатыны әлі белгісіз.
Сондай-ақ, камералардың жұмыс стандарттарына басқа да өзгерістер енгізу ұсынылды. Бұл тәртіпбұзушылықтың көбірек түрін тіркеуге мүмкіндік береді.
Еске салайық, 2019 жылдың шілдесінде сол кездегі ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев елді мекендерден тыс жолдарда орташа жылдамдықты асырғандар үшін жауапкершілік енгізуді ұсынған болатын.
G. Dosymshalova