- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда орташа жалақы...
Қазақстанда орташа жалақы мөлшері өсті
Қазақстанда орташа жалақы мөлшері өсті, - деп хабарлайды Massaget.kz Стратегиялық жоспарлау және реформалау агенттігі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
"Қазақстан Республикасы бойынша атаулы жалақының орташа мәні - 2022 жылғы ІI тоқсанда 312 011 теңге. Былтырға қарағанда өсім - 24 пайыз, нақты мәнде - 8,9 пайыз", - делінген хабарламада.
Бюро мәліметінше, 2022 жылғы ІІ тоқсанда бағалау бойынша жалақының медиана мәні - 196 728 теңге.
Жалақы қызметтің барлық негізгі экономикалық түрі бойынша өскені байқалады. Былтырмен салыстырғанда өсім:
- құрылыста - 35,5 пайызға;
- көлік пен қоймалауда - 34,8 пайызға;
- тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда - 28,3 пайызға;
- баяу қарқын денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету салаларында - 12,1 пайызға;
- көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсынуда 3,9 пайызға өскен.
Өңірлік бөліністе ең жоғары өсім Қызылорда облысында тіркелді - 31,3 пайыз. Ең төмен өсім Нұр-Сұлтан қаласында - 14,2 пайыз, бұл ретте нақты мәнде (бағаның өсуін ескере отырып) 0,1 пайыздық тармаққа төмендеу байқалды.
С. Бөлек"Орташа айлық жалақы туралы деректер кәсіпорындардың тоқсан сайынғы статистикалық есебі негізінде есептеледі. Орташа мән қосымша ақыларды, үстемеақыларды, сыйақыларды, сондай-ақ, салық пен басқа да ұсталымдарды (табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналарын) есепке ала отырып қалыптастырылады.
Медиана жалақысы - есептелген жалақы мөлшері бойынша қызметкерлер санын бөлгендегі қатардың тең ортасында тұрған және сол мөлшерді екіге бөлетін (одан көп және аз) жалақы мөлшері", - деп түсіндірді Ұлттық статистика бюросы еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы департаментінің директоры Наталья Белоносова.