Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы медианалық және орташа айлық жалақы мөлшері туралы мәлімет жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2026 жылғы I тоқсанда Қазақстанда орташа атаулы жалақы 461 486 теңге болды. Былтырмен салыстырғанда орташа жалақы 9,1 пайызға өсті, бірақ инфляцияны ескергенде 2,3 пайызға төмендеді.
Өңірлер бойынша орташа атаулы жалақының ең жоғары өсімі Абай облысында тіркелген: 14,2 пайыз (405 425 теңге). Ал Павлодар облысында 12,4 пайыз (448 906 теңге), Жетісу облысында 12,2 пайыз (346 199 теңге), Алматы облысында 10,9 пайыз (376 012 теңге), Алматы қаласында 10,7 пайыз (574 162 теңге) болған.
Ең жоғары орташа жалақы Маңғыстау облысында, яғни 659 801 теңге. Бұдан бөлек, жоғары көрсеткіш Ұлытау (655 995 теңге), Атырау облыстарында (652 950) байқалған.
2026 жылғы I тоқсандағы жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орташа деңгейі) 331 527 теңге болған.
Медианалық жалақы барлық жұмысшыны тең екі топқа бөледі: жартысы осы сомадан аз, ал екінші жартысы көп табыс табады. Яғни бұл адам "орташа" қанша табыс табатынын көрсетеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!