Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Үкімет отырысында мәлім етті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Былтыр республикалық және жергілікті бюджеттерден 15,9 млрд теңгеге 526 (бірлік) өртке қарсы және күзет техникасы сатып алынған болса, биыл еліміздің орман шаруашылығы тарихында алғаш рет 52,0 млрд теңге бөлініп, 1384 бірлік өртке қарсы техника және 921 тіркелетін, іліп қойылатын жабдық сатып алынды, оның ішінде 40,0 млрд теңге лизинг есебінен", – деді Ерлан Нұралыұлы.
Министрдің айтуынша, аталған шаралар еліміздегі жиі орман өрті болатын өңірлердегі орман қорғау мекемелерін 100 пайызға дейін жарақтандыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ отырыс барысында Премьер-министр Олжас Бектенов ұлттық саябақтар мен резерваттардағы өртке қарсы күресті сынға алды.
Соңғы өрт оқиғалары
2024 жылдың 6 қазанында Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында басталып, Павлодар облысындағы Баянауыл ұлттық паркінің аумағына дейін тарады. Екі облыстағы ірі өрттің қамтыған аумағы – 45 мың гектар. Өртті сөндіру кезінде 3 өртсөндіруші мен 1 ауыл тұрғынын күйік шалып, зардап шеккендер Қарағандыға тікұшақпен жеткізілді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!