- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда Ораза айында...
Қазақстанда Ораза айында туған балаларға ең жиі қойылған есім қандай?
Ораза айында туған нәрестелерге Рамазан мен Медина есімдері жиі қойылған. Мұндай мәліметті Ұлттық статистика бюросы келтірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Рамазан айында сәби сүйгендердің көбі баласына есімді Оразамен байланыстырып берген. Мәселен, жаңа туған 1 100-ге жуық ұлға ата-анасы Рамазан есімін таңдаған. Ал қыздарға жиі қойылған есімдер тізімінде Медина көш бастап тұр. Сәуірде 430 қызға осы есім берілген.
Рамазаннан кейін ұлдарға ең жиі қойылатын есім Айсұлтан, бір айда 250-ге жуық балаға осы ат берілген.
Үштікке 170-тен аса балаға берілген Әлихан есімі еніп тұр.
Сондай-ақ сәуірде 141 сәби Нұрислам есімімен Қазақстан азаматы атанды.
Ал қыздарға Мединадан кейін Раяна және Айша есімдері жиі беріледі. Осылайша, алдыңғы айдағы статистика нәрестелерге Әли, Ислам, Мұхаммед, Муслим, Дінмұхаммед, Әмина, Ясина, Фатима сияқты мұсылман есімдерінің жиі қойылғанын көрсеткен.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан