- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда онлайн-петицияға арналған...
Қазақстанда онлайн-петицияға арналған сайт іске қосылды
Қазақстанда петицияға арналған ресми онлайн-платформа іске қосылды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі нұсқау берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2023 жылғы 2 қазанда Мемлекет басшысы ел азаматтарының өтініштерін қарауды көздейтін "Қоғамдық бақылау туралы" Заңға қол қойды. Енді әрбір қазақстандық арнайы epetition.kz сайтында онлайн-петицияға өтініш жіберіп немесе қол қоя алады.
Өтінішті ұялы телефоннан да, компьютер арқылы да беруге болады. Сайтта тек қол қоюшының аты мен фамилиясының бірінші әрпі көрсетіледі.
Петицияны құру үшін сайтқа өтіп, "петиция құру" бөлімін таңдау керек. Әрі қарай сұрақтар тізімімен танысып, барлығын толтыру керек. Содан кейін петицияға қол қою керек.
Мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы саласындағы уәкілетті орган жиырма жұмыс күні ішінде өтініштің қажетті шарттарға сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.
Модерациядан сәтті өткен жағдайда петиция epetition.kz сайтында жарияланады. Бірақ тек тікелей сілтеме арқылы қол жетімді болады. Сондай-ақ, 50 дауыс жиналғанға дейін сайтта жарияланбайды. Тікелей сілтеме бойынша өту кезінде петицияның функционалдығы бойынша шектеулер жоқ. Пайдаланушы петиция бойынша ақпаратқа қол қойып, түсініктеме беріп қарай алады.
Электрондық өтініштер 10 жұмыс күні ішінде 50 дауыс жинаған жағдайда және қағаз өтініш түрінде 20 жұмыс күні ішінде автоматты түрде жалпыға ортақ жарияланады. Алты ай ішінде жалпы дауыс беру басталады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы