Қазақстан кәсіпкерлері экспортқа парашют шығарып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл жаңалықты Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев брифинг барысында мәлім етті.
"Қазақстандық өнімдердің ішіндегі көзге іліне бермейтін экспорттардың бірі - парашют. Яғни, біздің кәсіпкерлеріміз өз елімізде парашют өндіріп жатыр. Олар әлемде айтарлықтай танымалдыққа ие деп айта аламыз. Бәлкім, экспорт аясында болмашы ғана сома шығар. Бірақ бұл - жаңа әрі технологиялық өнім", - деді вице-министр.
Қайрат Төребаев журналистердің сауалдарына жауап беру кезінде еліміздің азық-түлік өндірушілері Ресей нарығына шығып жатқанын да атап өтті.
Азамат Қойшығара
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!