Қазақстанда оқушыларға арналған жаңа оқулықтар шығарылады

Оқу-ағарту министрлігі оқу бағдарламасының мазмұнын күшейтуге және оқу қорын жаңартуға бет бұрғалы отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқу бағдарламаларының мазмұны ғана емес, оқулықтардың сапасы да жыл сайын қайта қаралмақ. Сондай-ақ, 1-сынып оқушылары негізгі пәндер бойынша жұмыс дәптерлерімен қамтамасыз етіледі.

8-9-сыныптарда "Қазақстан географиясы" пәні аптасына екі сағат қайта оқытыла бастайды.

Министрдің сөзінше, Қазақстанда оқушыларға арналған жаңа оқулықтар шығарылады. Жұлдыз Сүлейменова 2026 жылы 3, 4, 7, 8 және 9-сыныптарға арналған оқулықтар жаңартылатынын айтты.

"2027 жылы 1 және 5-сыныптарға арналған жаңа оқулықтар шығару, карталарды, тарихи және әкімшілік материалдарды толық ауыстырып, 10-11-сыныптардың оқулықтарын өзгерту жоспарланып отыр. Ал 2028 жылы 2 және 6-сыныптарға арналған жаңа оқулықтар шығарылады", - деді еліміздің бас педагогі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!