Қазақстанда оқушыларды бағалаудың жаңа жүйесі енгізілуі мүмкін

Қазақстанда мектеп оқушыларын бағалау жүйесіне өзгеріс енгізу ұсынылды. Оқу-ағарту министрлігі әзірлеген бұйрық жобасына сәйкес 2-4-сынып оқушыларын жиынтық бағалау жүйесін (БЖБ және ТЖБ) алып тастау жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланып, қоғамдық талқыға шығарылды.

Жобаға сәйкес бастауыш сынып оқушыларының оқу жетістіктері енді қалыптастырушы бағалау, тақырыптық және қорытынды бақылау арқылы бағалануы мүмкін. Ал 5-11(12)-сынып оқушыларына қазіргі бағалау жүйесі сақталады. Олар бұрынғыдай бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) мен тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) тапсырады. Сонымен қатар, тоқсандық баға сақталады. 

Министрлік өкілдерінің айтуынша, өзгерістер бағалау жүйесін жетілдіруге және оқушылардың білімін бағалаудағы ашықтықты арттыруға бағытталған.

Талқылау 21 тамызға дейін жалғасады. Осыдан кейін құжатты бекіту немесе оған өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!