Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп оқулықтары қашан цифрлы форматқа көшірілетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"2024 жылы мектеп пәндері 100 пайыз цифрлы форматқа көшіріледі. Балалардың мектеп пәндерін оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін цифрлы контентке виртуал зертханалар мен геймификация элементтері енгізілген", - деді министр Үкімет отырысында.
Оның айтуынша, қазір оқулықтардың 79 пайызы цифрландырылып, мемлекеттік сараптамадан өтіп, ресми тізімге енгізілген.
"Цифрлы оқулықтарды әзірлеуге еліміздің 11 баспасы жұмылдырылды. Пәндерді оқытудың инновациялық әдістерін енгізу мақсатында мұғалімдердің пайдалануы үшін әдістемелік ұсыныстар әзірленіп, биыл оларды оқыту жоспарланып отыр", - деп түсіндірді министр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!