- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда оқу жылы...
Қазақстанда оқу жылы ұзаруы мүмкін
Қазақстанда оқушыларға оқу жылын екі аптаға ұзарту жоспарланып отыр. "Ашық НҚА" порталында Оқу-ағарту министрлігі бұйрығының жобасы жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.
Құжатқа сәйкес, 1-сыныптарда оқу жылының ұзақтығы 35 апта болса, 2-11 (12)-сыныптарда 36 оқу аптасы болады.
Алдағы оқу жылында барлық сыныпқа мынадай каникул кезеңін белгілеу ұсынылады:
- күзгі каникул - 7 күн (2022 жылдың 31 қазанынан 6 қарашасын қоса алғанда);
- қысқы каникул - 9 күн (2022 жылғы 31 желтоқсаннан 2023 жылғы 8 қаңтарды қоса алғанда);
- көктемгі каникул - 9 күн (2023 жылғы 18-26 наурызды қоса алғанда).
1-сынып оқушылары үшін де қосымша жеті күндік каникул енгізіледі, бұл 2023 жылғы 6 ақпан мен 12 ақпанды қоса алғанда.
"Қосымша екі оқу аптасын қосу арқылы оқу жылының ұзақтығын арттыру күніне сабақтар санын азайтуға, күрделі тақырыптарды оқу қарқынын төмендетуге, білім беру процесін дамытатын оқыту қағидаттарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.
Бұйрық жобасын қоғамдық талқылау 2 тамызға дейін жалғасады.
Ж. Қадыржанова