- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда Нобель сыйлығының...
Қазақстанда Нобель сыйлығының лауреаттары қатысатын онлайн фестиваль өтеді
Қазақстанда 1-4 қазан аралығында онлайн форматта Central Asia Nobel Fest Live атты бірінші ғылыми фестиваль өтеді. Оған Нобель сыйлығының лауреаттары, танымал ғалымдар мен экономистер қатысып, медицина, жасанды интеллектінің дамуы және оның еңбек нарығына әсері және тағы басқа тақырыптарды талқылайды.
Бұл шараның басты ұйымдастырушысы Инклюзивті даму қорының айтуынша, бұл фестивальдің басты миссиясы – ғылымды дамытуға арналған аймақтық платформаны құру және планетаның ең ақылды адамдарымен тәжірибе алмасу. Фестивальдің басты тақырыбы мынадай – "Шексіз ғылым: әлем қайда бара жатыр?".
Қазір онлайн-фестивальге 20 елдің 92 қаласынан 5000-нан астам қатысушы тіркелді, оның ішінде 104 университ өкілі бар.
Фестиваль спикерлері арасында Нобель сыйлығының мынадай лауреаттары бар: экономика бойынша – Эрик Маскин, физика – Дэвид Гросс, химия – Жан-Мари Лен, медицина мен физиология – Ричард Робертс және әлем премиясының лауреаттары – Кайлаш Сатьяртхи, Тавакколь Карман және Рае Квон Чунг. Олардың дәрістері, дебаттар, сұхбаттар қазақ, орыс тілдеріне синхрон түрде аударылып отырады. Фестиваль сайтына тіркелген қатысушылар спикерге сұрақ қоя алады.
Central Asia Nobel Fest ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жасалып жатыр. Фестивальдің толық бағдарламасымен және эфирлік сессияларымен осы жерде танысуға болады.
Massaget