Желіде несиелер кешіріліп жатыр деген ақпарат тарады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарды.
"Жалған ақпаратқа сенбей, тек ресми дереккөздерді пайдалануға сұраймыз, сондай-ақ, түрлі делдалдардың көмегіне жүгінбеуге кеңес береміз. Көрінеу жалған ақпарат тарату қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын еске саламыз", – делінген Агенттік хабарламасында.
Агенттік елде қарыз алушылардың банктермен, микроқаржы ұйымдарымен және коллекторлық агенттіктермен өзара іс-қимылының бірыңғай тетігі жұмыс істейтінін атап өтті. Осы тетік аясында мерзімі өткен берешекті реттеуге болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz