Мемлекеттік техникалық қызмет өкілдері интернеттегі ақау қайдан шыққанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бүгін таңертең Қазнетке ауқымды кибершабуыл жасалды. Бұл жағдай елдің барлық аймағындағы интернет жұмысына әсер етеді", - деді МТҚ өкілдері.
Қазір МТҚ техникалық мамандары қатерлерді жою бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда интернет дұрыс істемей жатқаны хабарланған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!